О внесении изменений в решение Сарыкольского районного маслихата от 25 декабря 2007 года № 28 «О районном бюджете Сарыкольского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет кодексінің 116-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 165 қаулысын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 «Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін (2008 жылдың 3 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-49, «Сарыкөл» № 3, 17 қаңтар 2008 жыл); бұрын енгізілген өзгертулер: 2008 жылдың 17 қаңтарындағы № 32 "Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (2008 жылдың 28 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-51, «Сарыкөл» № 12, 20 наурыз 2008 жыл және № 13, 27 наурыз 2008 жыл):
1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1-қосымшаға келісе Сарыкөл ауданының аудандық бюджеті орындауға алынсын:
кірістер - 1 464 610 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 337 743 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 349 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 612 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 1 119 906 мың теңге;
шығындар - 1 494 188,9 мың теңге;
операциялық сальдо - 29 578,9 мың теңге;
тапшылығы - 29 578,9 мың теңге;
бюджет тапшылығын пайдалану - 29 578,9 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары жаңа редақцияда мазмұндалсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аталған шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4