О внесении изменений в решение Сарыкольского районного маслихата от 25 декабря 2007 года № 28 «О районном бюджете Сарыкольского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет кодексінің 116-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 352 қаулысын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 «Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін (2008 жылдың 3 қаңтары,мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-49, «Сарыкөл» № 3, 17 қаңтар 2008 жыл); бұрын енгізілген өзгертулер: 2008 жылдың 17 қаңтарындағы № 32 "Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (2008 жылдың 28 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-51, «Сарыкөл» № 12, 20 наурыз 2008 жыл және № 13, 27 наурыз 2008 жыл); 2008 жылдың 14 сәуірдегі № 55 "Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (2008 жылдың 28 сәуірдегі, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-62, «Сарыкөл» № 20, 15 мамыр 2008 жыл және № 21, 22 мамыр 2008 жыл); 2008 жылдың 21 шілдедегі № 65 "Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (2008 жылдың 23 шілдегі, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-64, «Сарыкөл» № 32, 7 тамыз 2008 жыл, № 33, 14 тамыз 2008 жыл, №34, 21 тамыз 2008 жыл): 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1-қосымшаға келісе Сарыкөл ауданының аудандық бюджеті орындауға кірістер - 1 544 017 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 403 331 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 671 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 12 702 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 1 127 313 мың теңге; шығыстар - 1 573 595,9 мың теңге ; операциялық сальдо - 29 578,9 мың теңге; тапшылығы - 29 578,9 мың теңге; бюджет тапшылығын пайдалану - 29 578,9 мың теңге». Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редақцияда мазмұндалсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аталған шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3