О внесении дополнения в постановление акимата района от 25 января 2007 года № 33 «Об организации оплачиваемых общественных работ на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудандық әкімдіктің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлерімен көлемін және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесіне «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдары арқылы елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағын тазалау бойынша көмек беруіне қатысу» бөліміне қоғамдық жұмыстарының мөлшерлерін толтырып, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 33 «2007 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына қосымшалар енгізілсін («Федоровские новости» газетінде 2007 жылғы 22 ақпанда жарияланған, нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 9-20-47 нөмірмен тіркелген).
Тармақ 2
2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Бытсервис Федоровка» директорына (келісім бойынша) қоғамдық жұмыстарды орындауына келісім-шарт жасау үшін «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге жұмыстардың нақтылы түрлері және шарттары анықталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының бірінші ресми жариялауы он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 5. Ақылы жұмыстарды, қоғамдық жұмыс түрлерін және көлемін ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі
Әкімдіктің
2007 жылғы 25 маусымдағы
№ 146 қаулысына
Қосымша
Ақылы жұмыстарды, қоғамдық жұмыс түрлерін және көлемін ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі
№
Кәсіпорынның атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстардың мөлшері
Адам-күн саны
Адам
Адам-күн
1.
ФФедоров аудан әкімдігінің «Бытсервис Федоровка» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Тұрғын үйлердің, мәдени-әлеуметтік тағайындау объектілерінің күрделі жөндеуіне, қайта жаңартуына, құрылысына қатысу
Федоров селосы
1. Екі қабатты үйлердің сыртына жөндеу жасаған кездегі қосалқы жұмыстар:
1) екі қабатты үйлердің сыртқы қабырғаларын грунтовкамен жабу (1290 шаршы метр);
2) сыртқы қабырғаларын фасадтік сырмен сырлау (2230 шаршы метр);
3) балкондарды майлы сырмен сырлау (112,8 шаршы метр);
4) балға мен қалақпен сылақтау үшін іргетасын жартылай тазалау (25 шаршы метр);
5) балға мен қалақпен сылақтау үшін сыртқы қабырғалардың жартылай тазалауы (20 шаршы метр);
6) іргетасын жартылай сылақтауы (25шаршы метр);
7) сыртқы қабырғалардың жартылай сылақтауы (20 шаршы метр);
8) 2 метр 1 метрге көлемді 8 дана, 1,75 метр 2,3 метрге 7 дана, 1,5 метр 1,5 метрге 9 дана терезелерді майлы сырмен сырлау;
9) кіру есіктердің сыртқы сырлауы (6 шаршы метр).
2. Федоров ауданының мемлекеттік мұрағатының шаруашылық бөлімдерін, үш қоймаларын және фасадтың сыртын жөндеген кездегі қосалқы жұмыстар:
1) қабырғалар мен төбелерді жартылай сылақтау (160 шаршы метр);
2) жарықтарды сылақтау (90 шаршы метр);
3) қабырғаларды екі рет ақтау (1200 шаршы метр);
4) панельдердің сырлауы (100 шаршы метр);
5) 1,2 метр 2 метрлік терезелердің ішкі және сыртқы жөндеу (15 дана);
6) іргетасты жөндеу және сырлау (100 шаршы метр).
3. «Қарттар мен мүгедектер үшін жалпы үлгідегі Федоров үй-интернаты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын жөндеген кездегі қосалқы жұмыстар:
1) төбелердің ақтауы (1322,9 шаршы метр);
2) қабырғалардың ішкі сырлауы (1033,6 шаршы метр);
3) едендердің сырлауы (1009,1 шаршы метр);
4) есіктердің сырлауы (636 шаршы метр);
5) 1,5 метр 2 метрлік терезелердің сыртқы және ішкі сырлауы (25 дана);
6) балкондардың сыртқы ақтауы (323,3 шаршы метр);
7) қабырғалардың фасадтық сырмен сыртқы сырлауы (1500 шаршы метр)
13
572