О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 25 января 2007 года № 39/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2007 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы "2007 жылы Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік төлемдер туралы"
№ 39/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы (III шақырылған кезекті XXXII сессия) "Екібастұз қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" № 407/32 шешіміне сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты, Екібастұз қаласының өкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтарындағы "2007 жылы Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем туралы" № 39/1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-84 тіркелген, 2007 жылғы 22 ақпандағы № 8 "Вести Экибастуза" және "Отарқа" газеттерінде жарияланған) қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 2 тармағының 17 тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) Қаулының 3 тармақ 15 тармақшасындағы "17" сандары мен "АООО"
сөзі алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) Қаулының 4 тармақ 2 тармақшасындағы «2» саны-алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) Қаулының 4 тармақ 15 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын
"қаулының 2 тармақ 16 тармақшасында көрсетілген санаттар үшін- жас
мамандарға-ЖОО-ның медиңина мамандықтары бойынша түлектеріне-
100000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек, жас мамандарға-ЖОО-ның педагогика мамандықтары бойынша түлектеріне- 50000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек" берілсін;
Тармақша 5
5) Қаулының 2 тармағы келесі мазмұндағы 20 тармақшасымен толықтырылсын:
Тармақша 20
"20) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек -әйелдер";
Тармақша 6
6) Қаулының 3 тармағы келесі мазмұндағы 18 тармақшасымен
толықтырылсын:
Тармақша 18
"18) Қаулының 2 тармақ 20 тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінен жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, мүгедектік туралы анықтама, Салық төлеушінің тіркеу нөмірі, үй кітабы немесе азаматтарды тіркеу кітабы немесе отбасы құрамы туралы анықтама";
Тармақша 7
7) Қаулының 4 тармағы келесі мазмүндағы 18 тармақшасымен
толықтырылсын:
Тармақша 18
"18) қаулының 2 тармақ 20 тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-біржолғы материалдық көмек 3 айлық есептік көрсеткіші көлемінде";
Тармақша 8
8) Қаулының 4 тармағы келесі мазмүндағы 19 тармақшасымен
толықтырылсын:
«қаулының 2 тармақ 2 тармақшасында көрсетілген санаттар үшін- ¥лы Отан соғысының Жеңіс Күніне 2 000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек»;
Тармақша 9
9) Екібастүз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік
көмек тагайындау бойынша комиссия құрамына (бұдан-әрі Комиссия)
Комиссия төрағасының орынбасары ретінде "Екібастұз қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Арыстанов Серік Әубәкішұлы алынсын;
Тармақша 10
10) Комиссия құрамынан С.С. Секенова шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа
енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қүқықтық қатынаста таратылады.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.