О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 25 января 2007 года № 39/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2007 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қантардағы 2007 жылғы арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 39/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі "2007 жылға арналған облыстық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 99/4 қаулысына және Павлодар облыстық мәслихатының (III шақырылған кезекті XXIV сессиясы) жылғы 13 сәуірдегі "Облыстық мәслихаттың (III шақырылған ХXIV сессия) 2007 жылғы 12 желтоқсандағы "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 99/22 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 17/24 шешіміне сәйкес, Павлодар облысының құрылғанына 70 жыл толуын аясында Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі "2007 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 39/1 қаулысымен (нормативтік қүқықтық актілердің № 12-3-94 мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 10 мамырдағы 19 "Вести Экибастуза" және "Отарқа" газеттерінде жарияланған) өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы "2007 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 39/1 қаулысына (нормативтік қүқықтық актілердің № 12-3-84 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 22 ақпандағы № 8 "Вести Экибастуза"және "Отарқа" газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі-Қаулы), мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулы келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі»
азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тоқсатында Павлодар облысының құрылғанына 70 жыл толуын мерекелеу еңберінде өңірдің дамуына үлес қосқан, еңбек сіңірген соғыс және еңбек ардагерлері үшін Астана қаласына экскурсия ұйымдастырсын және облыстық бюджеттен берілген, жалпы сомасы 1181,0 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттерді тағайындалуы бойынша жұмсасын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулы алғаш ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.