Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» және 21 маусым 2008 жылғы аудан әкімдігінің №254 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-54 тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтарда Алғабас газетінің №3 санында жарияланған) №4/15 шешімі, 2008 жылғы 7 ақпандағы “Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Бәйдібек аудандық мәслихаттың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-56 тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпан Алғабас газетінің №8 санында жарияланған) №6/36 шешімі, 2008 жылғы 21 сәуірдегі «Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-60 тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырдағы Шаян газетінің №14-15 санында жарияланған) №8/50 шешіміне мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: «Кірістер» деген қатардағы «2891215» саны «3468781» санымен; Трансферттер түсімі деген қатардағы «2726695» саны «3304261» деген санымен; Шығындар деген қатардағы «2897903» саны «3475469» санымен; 4-ші тармағындағы «6644» саны «8044» санымен; «3912» саны «4912» санымен; «2232» саны «2532» санымен; «500» саны «600» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің №1, 2 қосымшалары осы шешімнің №1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Басқа 5