Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» және 21 маусым 2008 жылғы аудан әкімдігінің №254 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-54 тіркелген, 2008 жылғы 19 каңтарда Алғабас газетінің №3 санында жарияланған) №4/15 шешімі, 2008 жылғы 7 ақпандағы “Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Бәйдібек аудандық мәслихаттың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-56 тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпан Алғабас газетінің №8 санында жарияланған) №6/36 шешімі, 2008 жылғы 21 сәуірдегі «Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бәйдібек аудандық Мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-60 тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырдағы Шаян газетінің №14-15 санында жарияланған) №8/50 шешімі, 2008 жылғы 26 маусымдағы «Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіқ тіркеу тізілімінде 14-5-62 тіркелген, 2008 жылғы 3 шілдедегі «Шаян» газетінің №24-25 санында жарияланған) №9/53 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Кірістер деген қатардағы «3468781» саны «3463081» санымен; Салықтық түсімдер деген қатардағы «154311» саны «160611» санымен; Салықтық емес түсімдер деген қатардағы «6709» саны «4709» санымен; Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер деген қатардағы «3500» саны «5000» санымен; Трансферттер түсімі деген қатардағы «3304261» саны «3292761» санымен; Шығындар деген қатардағы «3475469» саны «3469769» санымен; 4-ші тармағындағы «8044» саны «12274» санымен; «4912» саны «7742» санымен; «600» саны «2000» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің №1 қосымшасы осы шешімңің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4