Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» және 21 маусым 2008 жылғы аудан әкімдігінің №254 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 11.11.2008 г. № 13/71 (Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-54 тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтарда Алғабас газетінің №3 санында жарияланған) №4/15 шешімі, 2008 жылғы 7 ақпандағы “Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Бәйдібек аудандық мәслихаттың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-56 тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпан Алғабас газетінің №8 санында жарияланған) №6/36 шешімі, 2008 жылғы 21 сәуірдегі «Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-60 тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырдағы Шаян газетінің №14-15 санында жарияланған) №8/50 шешімі, 2008 жылғы 26 маусымдағы «Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-62 тіркелген, 2008 жылғы 3 шілдедегі «Шаян» газетінің №24-25 санында жарияланған) №9/53 шешімі, 2008 жылғы 17 қыркүйектегі «Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-63 тіркелген, 2008 жылғы 6 қазандағы «Шаян» газетінің №39-40 санында жарияланған) №11/61 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Кірістер деген қатардағы «3463081» саны «3393783» санымен;
Салықтык түсімдер деген қатардағы «160611» саны «158338» санымен;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер деген қатардағы «5000» саны «4222» санымен;
Трансферттер түсімі деген қатардағы «3292761» саны «3226514»; санымен;
Шығындар деген қатардағы «3469769» саны «3400471» санымен;
4-ші тармағындағы «12274» саны «12189» санымен; «7742» саны «6742» санымен; «2532» саны «3532» санымен, «2000» саны «1915» санымен ауыстырылсын.
2. Аталған шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.