О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 феврали 2008 года N 187 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 187 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде: 3-тармақтағы "2008 жылға" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша 2008 жылға" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтың 1) тармақшасындағы "14,5 (он төрт бүтін оннан бес)" деген сөздер "16" (он алты)" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы "кіші бағдарламасын" деген сөздер "кіші бағдарламасын, 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасын" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 5-қосымшадағы "ашылған банктің" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша ашылған банктің" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 7-қосымшада тақырыбындағы "банк кредиті" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша банк кредиті" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.