О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2008 года N 188 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік ресурстарға 2008 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 9, 103-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"күзгі кезеңде 7937382000 (жеті миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион үш жүз сексен екі мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.";
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.