О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 апреля 2008 года № 113 "Об установлении водоохранных зон и полос" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1686 болып тіркелген, 2008 жылдың 10 маусымында № 90 «Ақ жол» және № 80 «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 2-тармақта: кестеде: «Көгал, пішендеме» деген жолдағы «30» деген сандар «35» деген сандармен ауыстырылсын; «Орман, бұта» деген жолдағы «25» деген сандар «35» сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Жолдасбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.