О внесении изменений в постановление акимата Есильского района от 25 марта 2008 года № а-3/93 «Об организации оплачиваемых общественных работ в Есильском районе на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл ауданы әкімдігінің «Есіл ауданында 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 25 наурыздағы № а-3/93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдын 19 маусымындағы № 836 қаулысына сәйкес, жұмыс іздеуде, материалдық қамтылуда қиналып жүрген жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, материалдық қамтамасыз ету және олардың тұрмыстық жағдайын көтеру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Есіл ауданы әкімдігінің «Есіл ауданында 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 25 наурыздағы №а-3/93, Есіл ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 07 сәуірде №1-11-82 тіркелген және аудандық «Жаңа Есіл» газетінде 2008 жылдың 11 сәуірінде №20 (304) нөмірінде жарияланған қаулысына өзгерістер енгізілсін, осы қаулының 3 тармағы мынадай жолдармен мазмұндалсын:
Тармақша 1
1) ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысы аудан бюджеті қаражатынан нақты атқарылған жұмыстары үшін осы күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының балансына сай жұмыс уақыттарының орташа айлық санына бөлінген айлық еңбек ақысының ең төменгі мөлшерінен кем емес көлемде жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ағымбаева С.К. жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.