О внесении изменения в совместное постановление акимата города Актау от 25 апреля 2008 года № 410 и решение Актауского городского маслихата от 26 апреля 2008 года № 8/84 «О наименовании площади перед зданием акимата города Актау «Площадь Астана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместное постановление акимата города Актау от 25 апреля 2008 года № 410 и решение Актауского городского маслихата от 26 апреля 2008 года № 8/84 «О наименовании площади перед зданием акимата города Актау «Площадь Астана»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 410 және Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 сәуірдегі № 8/84 «Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаңды «Астана алаңы» деп атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/84
- Қабылданған күні
- 16.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2017 111666_303326.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MA003345
- ЭКБ идентификаторы
- 111666
- Редакция идентификаторы
- 111666_303326
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:43
0 Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы
25 сәуірдегі №410 және Ақтау қалалық
мәслихатының 2008 жылғы 26 сәуірдегі
№ 8/84 «Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты
алдындағы «Астана алаңы» деп атау
туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі №410 және Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 сәуірдегі №8/84 «Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы «Астана алаңы» деп атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-82 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының астанасы − Астана қаласының 10 жылдық мерейтойының тойлауына байланысты Ақтау қаласы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің, Маңғыстау облыстық «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаңды «Астана алаңы» деп атау туралы ұсыныстарын қарап және Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2
2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы бірлескен қаулы мен шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.