О внесении дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 25 февраля 2008 года № С 5-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи нуждающимся категориям граждан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақкөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 ақпандағы № С 5-5 «Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының “Ұлы Отан соғысына қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы мен жеңілдіктеру туралы” Заңына және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы 20 наурызда Ақкөл ауданы әділет басқармасында № 1-3-85 тіркеліп, 2008 жылғы 21 наурызда аудандық “Знамя Родины КZ” газетінің 12-санында, “Ақкөл өмірі” газетінің 12-санында жарияланған 2008 жылғы 25 ақпандағы № С 5-5 “Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы” шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: “1 бөлімін «оларға теңестірілген» сөздерімен толықтыру: «Қазақстан Республикасының «денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «ауылдық аумақтар және агроөндірістік комплекстердің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңымен,»; 2 бөлімін «азық-түлік және қуат тасушылар» сөздерінен кейін келесі азат жолмен толықтыру: «ауыл мекеніне жұмысқа келген медициналық қызметкерлерге коммуналдық қызметі мен отын алу үшін төленген шығындарды өтеуге; ауыл мекеніне жұмысқа келген жас мамандарды жайластыруға»; 6 бөлімін тармақшасымен толықтыру: «6) жұмыс берушімен жеке еңбек шарттын (денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерге); 7) нотариалдық куәландырылған диплом көшірмесі (денсаулық сақтау және білім беру қызметкеріне).»; ендігі құрамында 7-1, 7-2 тараумен толықтыру: «7-1. Ауыл мекеніне жұмысқа келген медициналық қызметкерлерге коммуналдық қызметі мен отын алу үшін төленген шығындарды өтеу тәртібі. 26-1. Көтерме ақы төлемін алуға жоғарғы кәсіптік медициналык білімі, маманың келісті сертификатты, ауыл мекеніне жұмыс үшін жолдамасы және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген еңбек шартты бар медициналық қызметкердің құқығы бар. 26-2. Коммуналдық қызмет төлемдерге шығындарды өтеу ай сайын қолданатын 100 кв электрэнергияға, 5 куб.м суға, 1 баллон газға төленетін тең ақша түрінде көрсетіледі. 26-3. Қатты отын алу шығындарды өтеу жыл сайын қолданатын 3,5 тонна отынға тең ақша түрінде көрсетіледі. 26-4. Коммуналдық қызмет төлемдерге шығындарды өтеу және қатты отын алу шығындарды өтеу аудандық статистика бөлім мәліметтері бойынша алдағы тоқсанда құрылған орташа бағалар бойынша жүргізіледі. 7-2. Жас мамандарға орналастыруға әлеуметтік көмек төлемінің тәртібі 26-5. Жоғарғы немесе орта арнайы педагогикалық білімі бар жас мамандардың орналастыруға әлеуметтік көмек, оқуды бітірген жылы ауданға білім бер мекемеге жұмыс істеу үшін келгендерге төленеді. 26-6. Әлеуметтік көмек жас мамандарды орналастыруға жұмыс берушімен 3 жылдан кем емес жеке еңбек шарттың құрған кезде төленеді. 26-7. Жас мамандарды орналастыруға үшін элеуметтік көмек мөлшері жоғаргы білімі барларға 120 АКМ, орта арнайы білімі барларға 60 АКМ бекітіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақкөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланғаннан бастап күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ: Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев 2008 жылғы 25 тамыз Эконимка және бюджеттік бағдарламалар бөлімінің бастығы Т.И.Ли 2008 жылғы 25 тамыз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Н.Қ.Мананбаева 2008 жылғы 25 тамыз
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 тамыздағы № С 10-2 шешіміне 1-Қосымша Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, ҚР «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының «денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңымен, Қазақстан Ресттубликасының «ауылдық аумақтар және агроөндірістік комплекстердің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік корғау мақсатында әзірленіп жасалды.
Тармақ 2
2. Азаматтардың мұқтаждық көруші жеке санаттағыларына әлеуметтік көмек көрсету (әрі карай - әлеуметтік көмек) - аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік-қорғалатын азаматтарға, анықталған жағдайға байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаж адамдарға ақшалай төлемдер төлеу. Әлеуметтік көмек: жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылда ерен еңбек еткен және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдарға қалалық көліктерде жеңілдіктермен жүруге; мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызы бар күндерде; амбулаторлық емделу мерзімі кезеңінде туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қаупі бар» балаларды қосымша тамақтандыруға; аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздеріне бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмекке; ауылдық мекеніне жұмысқа келген медикалық қызметкерлерге коммуналдық қызметке және отын алу үшін төленген шығындарды өтеуге; ауылдық мекеніне жұмыс істеуге келген жас мамандарды жайластыруына орналыстыруға; өмірдің қыйын жағдайларға түскен азаматтарға көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек, аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссия шешімінің негізінде, бюджет белгілеген қаржы шегінде «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті алуға Қазақстан Республикасының азаматтары және Ақкөл ауданында тұрақгы тұратын оралмандар құқылы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдер, тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдары арқылы төленеді.
Тарау 2. 2. Көмек көрсету тәртібі
2. Көмек көрсету тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекке үміткер адам өкілеттік органға өтініш береді. Өтінішпен қоса келесі құжаттар беріледі:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) тұрған жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) мұқтаждық көруін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) жеке көмек түрлерінің төлемдеріне құқығын растаушы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) оралмандық куәліктің көшірмесі (оралмандар үшін);
Тармақша 6
6) жұмыс берушімен жеке еңбек шарттың (денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерге);
Тармақша 7
7) ноториалдық куәландырылған диплом көшірмесі (денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерге).
Тармақ 7
7. Өтініш иесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығына жауап береді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган, өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 10 күннен асырмай әлеуметтік көмек көрсету комиссиясына жібереді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек жөніндегі комиссия, уәкілетті органнан құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күн ішінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
Тарау 3. 3. Жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3. Жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 10
10. Жұмыссыз болған азаматтар мен кәмелетке толмаған балаларды жерлеуді жүзеге асырушы адам әлеуметтік көмек алуға құкылы.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек жерлеуді жүзеге асырушы адамның табысына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 12
12. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек жұмыссыз болған азаматтың немесе кәмелетке толмаған баланың өлген күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей өтініш берілген болса төленеді.
Тармақ 13
13. Жұмыссыз болған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек, егер, өлген адам қайтыс болар алдында жұмыссыз болған болса тағайындалады.
Тармақ 14
14. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, тиісті жылға бекітілген бойынша, қайтыс болған сәттен бастап анықталған он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
Тарау 4. 4. Қалалық көлікте жүрудің жол ақысына жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
4. Қалалық көлікте жүрудің жол ақысына жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 15
15. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ, бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылдағы ерен еңбегі және қалтыксыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдардың қалалық көлікте жеңілдіктермен жүрулеріне жыл сайын әлеуметтік көмек алуға құқылы;
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап күнтізбе бойынша жылдын соңына дейін тағайындалады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек өтініш берген адамның табысына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек мөлшері тиісті жылға қалалық көлікте бір айда 4 рет жол жүру ақысы есебімен анықталады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызды күндерде әлеуметтік төлем төлеудің тәртібі
5. Мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызды күндерде әлеуметтік төлем төлеудің тәртібі
Тармақ 19
19. Зейнетақы төлемдері жөніндегі Мемлекеттік төлем орталығының берген тізімдеріне сәйкес, мемлекеттік мерекелер мен әлеуметтік-маңызды күндерде өтінішсіз-ақ, комиссия шешімімен әлеуметтік көмек алушылар санаттары және оның көлемі белгіленеді.
Тармақ 20
20. Бір мезгілде бірнеше негіздер (санаттар) бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құкығы бар адамдарға әлеуметтік төлем, бір ғана негіз бойынша беріледі.
Тарау 6. 6. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қаупі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға берілетін әлеуметтік көмектің тәртібі
6. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қаупі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға берілетін әлеуметтік көмектің тәртібі
Тармақ 21
21. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қаупі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға амбулаторлық емделу мерзімі кезеңінде берілетін әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға және мемлекеттік жәрдемақы алатын балалары бар отбасыларға, қосымша құжаттар берілместен, аудан аурухананың тізіміне сәйкес беріледі.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек, ай сайын бір адамға, 1 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмек токсанға тағайындалады, төлем ай сайын жүргізіледі.
Тарау 7. 7. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі.
7. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі.
Тармақ 24
24. Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген азаматтарга негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздеріне бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Әлеуметтік көмек мөлшері тиісті жылға белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.
Тармақ 26
26. Әлеуметтік көмек төлемдері өтініш бермей-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімдеріне сай өтеледі.
Тарау 7-1. 7-1. Ауылдық мекеніне жұмысқа келген медикалық қызметкерлерге коммуналдық қызметке және отын алу үшін төленген шығындарды өтеу тәртібі
7-1. Ауылдық мекеніне жұмысқа келген медикалық қызметкерлерге коммуналдық қызметке және отын алу үшін төленген шығындарды өтеу тәртібі
Тармақ 26-1
26-1. Көтерме ақы төлемін алуға жоғарғы кәсіптік медикалық білімі, маманың келісті сертифекатты, ауыл мекеніне жұмыс үшін жолдамасы және облыстық бюджеттен қаржыланатын денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген еңбек шартты бар медикалық қызметкердің құкығы бар.
Тармақ 26-2
26-2. Коммуналдық қызмет төлемдерге шығындарды өтеу ай сайын қолданатын 100 кв электроэнергияға, 5 куб.м суға, 1 баллон газға төленетін тең ақша түрінде көрсетіледі.
Тармақ 26-3
26-3. Қатты отын алу шығындарды өтеу жыл сайын қолданатын 3,5 тонна отынға тең акша түрінде көрсетіледі.
Тармақ 26-4
26-4. Коммуналдық қызмет төлемдерге шығындарды өтеу және қатты отын алу шығындарды өтеу аудандық статистика бөлім мәліметтері бойынша алдағы тоқсанда құрылған орташа бағалар бойынша жүргізіледі.
Тарау 7-2. 7-2. Ауылдық мекеніне жұмыс істеуге келген жас мамандарға орналастыруға әлеуметтік көмек төлемінін тәртібі
7-2. Ауылдық мекеніне жұмыс істеуге келген жас мамандарға орналастыруға әлеуметтік көмек төлемінін тәртібі
Тармақ 26-5
26-5. Жоғарғы немесе орта арнайы педагогикалық білімі бар жас мамандардың орналастыруға әлеуметтік көмек, оқуды бітірген жылы ауылдық мекеніне білім беру мекемеге жұмыс істеу үшін келгендерге төленеді.
Тармақ 26-6
26-6. Әлеуметтік көмек жас мамандарды орналастыруға жұмыс берушімен 3 жылдан кем емес жеке еңбек шарттың құрған кезде төленеді.
Тармақ 26-7
26-7. Жас мамандарды орналастыруға үшін әлеуметтік көмек мөлшері жоғарғы білімі барларға 120 АКМ, орта арнайы білімі барларға 60 АКМ бекітіледі.
Тарау 8. 8. Өмірдің қиын жағдайларға түскен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі.
8. Өмірдің қиын жағдайларға түскен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі.
Тармақ 27
27. Өмірдің қиын жағдайларға түскен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек берілген өтінішке және жанұяның тұрмыстық тексеріс актіне келісті көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Біржолғы көмек өлшемі әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссия шешімімен орнатылады.