О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года № 67 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 67 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 67 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 2, 30-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Гемофилиямен ауыратын ересектерді емдеу кезінде қанды ұйытатын VIII факторды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары болады."; көрсетілген Ережеге қосымшада : 20-бағанда: "ШҚО" деген жолдағы "468 000" деген сандар "467 500" деген сандармен ауыстырылсын; "Қарағанды" деген жолдағы "377 300" деген сандар "350 000" деген сандармен ауыстырылсын; "Қостанай" деген жолдағы "377 300" деген сандар "376 000" деген сандармен ауыстырылсын; "СҚО" деген жолдағы "468 000" деген сандар "467 500" деген сандармен ауыстырылсын; "ОҚО" деген жолдағы "468 000" деген сандар "467 500" деген сандармен ауыстырылсын; "Жиыны" деген жолдағы "2 158 600" деген сандар "2 128 500" деген сандармен ауыстырылсын; 24-бағанда: "ШҚО" деген жолдағы "1 314 476" деген сандар "1 313 976" деген сандармен ауыстырылсын; "Қарағанды" деген жолдағы "1 527 787" деген сандар "1 500 487" деген сандармен ауыстырылсын; "Қостанай" деген жолдағы "1 321 802" деген сандар "1 320 502" деген сандармен ауыстырылсын; "СҚО" деген жолдағы "1 406 072" деген сандар "1 405 572" деген сандармен ауыстырылсын; "ОҚО" деген жолдағы "1 515 144" деген сандар "1 514 644" деген сандармен ауыстырылсын; "Жиыны" деген жолдағы "16 519 387" деген сандар "16 489 287" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.