Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 января 2008 года № 7 "Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка, банковского холдинга, крупного участника страховой (перестраховочной) организации, крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда"

Қаулы · № 33 · қабылданған 27.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2008-no-7-ekb-45170/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 января 2008 года № 7 "Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка, банковского холдинга, крупного участника страховой (перестраховочной) организации, крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда" Күшін жойған Қаулы ·№ 33 ·27.02.2009
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 января 2008 года № 7 "Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка, банковского холдинга, крупного участника страховой (перестраховочной) организации, крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда"

Күшін жойған Қаулы ·№ 33 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 января 2008 года № 7 "Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка, банковского холдинга, крупного участника страховой (перестраховочной) организации, крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
27.02.2009
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI45170_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005618_
ЭКБ идентификаторы
45170
Редакция идентификаторы
AI45170_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:39

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5165 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5397 тіркелген) енгізілген толықтыру мен өзгеріспен бірге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесінде:
5-тармақтың үшінші абзацында "экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауыр қылмыстары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін алу бойынша талаптар көрсетілген қаржы ұйымы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігінің болуы) арқылы қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленді деп танылған (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға таралмайды.
Қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін алу бойынша талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және осы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігінің болуы) арқылы қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленген (дауыс беруге, шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға таралмайды.";
2-қосымшаның 5-тармағында "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауыр қылмыстары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін" деген сөздер алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Қолданыстағы