О внесении изменения в постановление акимата от 25 марта 2009 года № 165 "Об определении целевых групп населения в Житикаринском районе на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарына белгілеу туралы" 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-115 нөмірімен тіркелген, "Житикаринские новости" газетінде 2009 жылғы 22 мамырда жарияланған, бұрын "2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын анықтау туралы" 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 3 тамыздағы № 486 әкімдік қаулысымен толықтыру енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-126 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 39 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшасының 15 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын: "15. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады".
Тармақ 2
2. Әкімдіктің осы қаулысы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ И. Григорьева 2009.02.10