О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 215 «Об утверждении Классификатора перечня товаров (работ, услуг) государственных учреждений, содержащихся за счет республиканского или местного бюджета, деньги от реализации, которых остаются в их распоряжении» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында: «Бiлiм беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер» деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын: « Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қызметтер РБ РБ РБ РБ РБ РБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ 04 04 04 04 05 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 06 06 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 6 9 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 4 4 1 1 2 2 2 2 2 2 2 2 9 2 225 240 225 240 225 240 261 261 261 261 360 360 360 360 360 360 464 464 261 360 261 360 471 471 471 465 804 285 285 381 261 464 204 041 099 005 019 038 003 003 006 006 003 003 004 004 005 005 003 003 024 024 015 016 004 004 005 017 017 006 007 006 007 006 100 100 100 101 000 100 011 015 011 015 011 015 011 015 011 015 011 015 000 000 100 100 011 015 000 000 000 000 000 000 000 000 001 Қосымша бiлiм беру бағдарлама-ларын (балалар және жасөспiрiм-дер шығармашылы-ғын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейiмдiлiктер мен қызығушылық-тарды дамыту), iске асыру. 1) мекемелердiң оқу-материалдық базасын нығайту; 2) оқу жабдықтарын және мүкәммалiн сатып алу, оның iшiнде оқу-тәжiрибе учаскесiнде жұмыс iстеу үшiн сатып алу; 3) оқушылардың тамақтануын жақсарту, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарын жабу; 4) оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейту; 5) бiлiм алушыларды көтермелеу және оқушылардың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған жекелеген бөлiгiне материалдық көмек көрсету; 6) күнi ұзақ болатын мектептерде және мектептер мен мектеп-интернаттарда күн ұзақ болатын топтары оқушыларын тамақтандыру; 7) асханаларды ұстау (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделi жөндеу); 8) мектеп алушыларының орындаған жұмыстарына ақы төлеу; 9) экскурсиялар мен мектеп кештерiн өткiзу; 10) мектептердi, оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы жөндеу; 11) мектеп жанындағы учаскенi дамыту және мектеп шеберханаларының жабдықтарын жаңарту; 12) спорт алаңдарын салу; 13) қоғамдық-пайдалы еңбекте көзге түскен оқушыларға стипендиялар мен сыйлықақылар беру; 14) сауықтыру iс-шаралары; 15) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, төрешiлердiң (судьялардың) және медицина қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабу; 16) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесiн ұйымдастыру; 17) үйiрме жетекшiлерiнiң еңбегiне ақы төлеу; 18) үйiрмелердi ұйымдастыруға байланысты iс-шаралар; 19) ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу; 20) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және басқа да төлемдер белгiлеу; 21) көлік құралдарын сатып алу; 22) жабдықтар, мүккәммал (оның iшiнде жұмсақ) және киiм-кешек сатып алу; 23) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстар; 24) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялау және күрделi жөндеу; 25) демалыс лагерьлерi тәрбиешiлерiнiң және көмекшi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу; 26) музыкалық аспаптарды жөндеу; 27) қозғалтқыштарды пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстар; 28) оқу-көмекшi, қосалқы шаруашылықтардың және оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты, оның iшiнде осы қызметпен айналысатын қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар; 29) iссапар шығыстары (111, 112, 113, 121, 122, 124, 131, 132, 135, 136, 141, 142, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 324, 413, 414, 416, 419, 421). «Бiлiм беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 63-бабы, «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 шiлдедегi № 1102 қаулысы. ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.