О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 215 «Об утверждении Классификатора перечня товаров (работ, услуг) государственных учреждений, содержащихся за счет республиканского или местного бюджета, деньги от реализации, которых остаются в их распоряжении» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында: Мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: « Бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары ұсынатын қызметтер РБ РБ РБ РБ 04 02 02 02 1 1 1 1 208 208 208 208 011 047 047 047 000 100 103 111 047 Оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу 1) барлық салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысатын зерттеу тобы жетекшісінің және мүшелерінің еңбегіне сыйақы беру; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапарлар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеулер жүргізуге, ғылыми, оның ішінде халықаралық конференциялар-ға, семинарларға, көрмелерге қатысуға байланысты іссапарлар; 3) зерттеулерді орындау үшін қажетті ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге де зертханалар, басқа да ұйымдар көрсететін қызметтерге, оның ішінде конференциялар-ға қатысу үшін ұйымдық жарналар; 4) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; 5) жарияланымдар дайындауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерін жария ету; 6) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберіндегі түзетулер; 7) зерттеулер жүргізу үшін үй-жайлар, жабдық пен техниканы жалға алу; 8) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдық пен техниканы күтіп ұстауға арналған шығыстар; 9) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде басқа пайдаланушының, оның ішінде отандық және шетел электрондық дерекқорларын (ресурстарын) пайдалану үшін абонементтер, технопарктердің жабдығы мен шығыс материалдарын сатып алу; 10) кірістер тиісті жылға бекітілген жоспарлардан тыс асқан жағдайда азаматтық персонал адамдарына ынталандыру сипатында қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйлықақылар мен төлемдер белгілеу; 11) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, жарыстар, олимпиадалар, оның ішінде халықаралық, өткізу шеңберінде кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлықтар сатып алу; 12) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде банктік көрсетілетін қызметтерді төлеу; 13) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында шығыс материалдарын және жабдықты сатып алу; 14) басқа ұйымдардың ұжымдық пайдаланылатын зертханаларын және ғылыми-эксперименттік базаларын жалға алу; 15) мамандардың біліктілігін арттыру; 16) оқу-материалдық базаны нығайту; 17) жарыстарға, олимпиадаларға, оның ішінде халықаралыққа қатысушыларды тамақтандыру жөніндегі шығыстарды өтеу; 18) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру; 19) ақылы білім беру қызметтерін көрсететін жалдамалы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу; 20) көрсетілетін көлік қызметтерін төлеу; 21) кітапхана қорларын толықтыру үшін электрондық коллекциялар мен дерекқорларды сатып алу; 22) оқу процесі үшін оқу құралдарын, көрнекілік материалдарды сатып алу; 23) оқыту тренингтерін, семинарларын өткізу; 24) оқу және ғылыми мақсаттар үшін бейнероликтерді, бейнефильмдерді, аудиожазбаларды дайындау. (111, 112, 113, 121, 122, 124, 131, 132, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 324, 413, 414, 416, 419, 421). «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағы, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2018 жылдың 3 қарашадағы № 751 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17730 болып тіркелген). РБ РБ РБ РБ 04 02 02 02 1 1 1 1 208 208 208 208 011 047 047 047 000 100 103 111 048 Ақылы негізде функционалдық тағайындалуы бойынша ғылыми-эксперименттік, оқу-материалдық, спорттық базаны, сондай-ақ конференц-залдарды, брифинг-залдарды, акт залдарын және дәрісханаларды ұсыну Сол сияқты Сол сияқты РБ РБ РБ РБ 04 02 02 02 1 1 1 1 208 208 208 208 011 047 047 047 000 100 103 111 049 Білікті кадрлар мен орта буынның мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру Сол сияқты Сол сияқты РБ РБ РБ РБ 04 02 02 02 1 1 1 1 208 208 208 208 011 047 047 047 000 100 103 111 050 Ғылыми және қорғаныстық зерттеулерді жүргізу Сол сияқты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 3-тармағы, Қазақстан Республикасы-ның 2005 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңының 17-бабы. ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.