О внесении дополнений и изменений в приказ Министра Финансов Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 215 "Об утверждении Классификатора перечня товаров (работ, услуг) государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета, деньги от реализации, которых остаются в их распоряжении" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5702 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында: «Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер» бөлімінде: тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 1-коды бойынша: 9-бағанда: «111,» деген сандардан кейін «112,» деген сандармен толықтырылсын; 10-бағанда: «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету» деген сөздерден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын; тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 1, 2, 4, 6, 7, 11-кодтары бойынша: 6-бағанда: үшінші абзацтағы «000» деген сандар «100» деген сандармен ауыстырылсын; тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 5, 8-кодтары бойынша: 6-бағанда: екінші абзацтағы «000» деген сандар «100» деген сандармен ауыстырылсын; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер» бөлімінде: тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 14-коды бойынша: 10-бағанда: «мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету» деген сөздер «, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін корсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен ауыстырылсын; «Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер» бөлімінде: тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 19, 20-кодтары бойынша: 9-бағанда: «111,» деген сандар «112,» деген сандармен ауыстырылсын; тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 19-коды бойынша: 10-бағанда: «мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету» деген сөздер «, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін корсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен ауыстырылсын; «, «Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құрау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысы» деген сөздер және сандар алып тасталсын; «Мемлекеттік кітапханалар ұсынатын қызметтер» бөлімінде: тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31-кодтары бойынша: 1-баған: «МБ» деген сөзі бар бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын; 2-баған: «8» деген саны бар бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын; 3-баған: «3» деген саны бар бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын; 4-баған: «457» деген сандары бар бесінші абзацпен толықтырылсын; «458» деген сандары бар алтыншы абзацпен толықтырылсын; 5-баған: «006» деген сандары бар бесінші абзацпен толықтырылсын; «007» деген сандары бар алтыншы абзацпен толықтырылсын; 6-баған: «000» деген сандары бар бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын; «Мемлекеттік кітапханалар көрсететін қызметтер» және «Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар көрсететін қызметтер» бөлімдерінде: тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 21, 32-кодтары бойынша: 10-бағанда: «, «Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 262 қаулысы» деген сөздер және сандар алып тасталсын; «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету» деген сөздерден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай бөліммен толықтырылсын: Ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рі­нің сорт­та­рын сы­нақ­тан өт­кі­зу са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер ұсы­на­тын қыз­мет­тер РБ 10 1 212 013 000 37 Ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рі­нің сорт­та­рын сы­нақ­тан өт­кі­зу нәти­же­сін­де алын­ған өнім­дер­ді іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер 1) сорт­тар­ды сы­нақ­тан өт­кі­зу стан­ци­я­ла­рын­да және мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер учас­ке­ле­рін­де ауыл ша­ру­а­шы­лық жұ­мыста­рын жүр­гі­зу; 2) ауыл ша­ру­а­шы­лық тех­ни­ка­сын ауыл ша­ру­а­шы­лық, зерт­ха­на­лық жаб­дық­ты және мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за­сын жа­рақ­тан­ды­ру үшін те­тіктер­ді са­тып алу; 3) ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рі­нің сорт­та­рын сы­нақ­тан өт­кі­зу са­ла­сын­да ғы­лы­ми зерт­те­улер жүр­гі­зу; 4) ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рі­нің сорт­та­рын сы­нақ­тан өт­кі­зу са­ла­сын-да ауыл ша­ру­а­шы­лық және зерт­ха­на­лық жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу үшін мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер тар­та­тын штат­тан тыс мау­сым­дық ма­ман-дар мен жұ­мыс­кер­лер қыз­мет­те­рін, ең­бе­гін тө­леу; 5) та­у­ар­лық-ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­ды са­тып алу: жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­рын, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өсім­дік­те­рі сорт­та­ры­ның да­қыл­да­ры мен се­бу ма­те­ри­ал­да­рын, ми­не­рал­ды ты­ңайт­қы­штар, пе­сти­цид­тер, хи­ми­я­лық ре­ак­тив­тер, қо­сым­ша бө­лік­тер, бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, ме­тео­ро­ло­ги­я­лық де­ректер, ең­бек қор­ғауды қам­та­ма­сыз ету үшін ар­найы қор­ғау құ­рал­да­рын, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі мен ги­ги­е­на, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің сорт­тар­ды сы­нақ­тан өт­кі­зу ағым­ды мақ­са­ты үшін бас­қа да құ­рал­дар мен ма­те­ри­ал­дар са­тып aлу; 6) кө­лік, поч­та­лық және бас­қа да бай­ла­ныс түр­ле­рі­нің қыз­мет­те­рін, ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді, әкім­ші­лік және қой­ма­лық үй-жай­лар­ды жал­ға алу қыз­мет­те­рін тө­леу, то­пы­рақ­ты аг­ро­хи­ми­я­лық зерт­теу бой­ын­ша және ме­ли­о­ра­тив­тік іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу бой­ын­ша, кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық қа­рау және мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер­ді тө­леу; 7)мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің сұ­рып­тық бас қо­ры бой­ын­ша ма­те­ри­ал­дар­ды тол­ты­ру үшін жа­зы­лым бас­па­ла­рын, ғы­лы­ми, әді­сте­ме­лік және ар­найы әде­би­ет­ті са­тып алу; 8) ғы­лы­ми, әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар мен мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің ре­сми бюл­ле­те­нін шы­ға­ру; 9) мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер ма­ман­да­рын да­яр­лау және олар­дың, бі­лік­ті­лі­гін ар­ты­ру; 10) ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рі­нің сорт­та­рын сы­нақ­тан өт­кі­зу са­ла­сын­да нәти­же­лер­дің де­ректе­рін ав­то­мат­ты түр­де өң­де­удің ар­найы бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сын са­тып алу және ен­гі­зу; 11)  мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін ше­тел хат-ха­ба­ры мен ғы­лы­ми құ­жат­тың аудар­ма­шы­ла­ры­ның қыз­ме­тін са­тып алу; 12) ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рі­нің неғұр­лым пер­спек­ти­ва­лы және құн­ды сорт­та­рын жар­на­ма жа­сау және на­си­хат-тау бой­ын­ша бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар өт­кі­зу (да­ла күн­де­рі, се­ми­нар­лар, көр­ме­лер, экс­кур­си­я­лар, та­ны­сты­ры­лым­дар); 13) мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің жұ­мыс іс­те­уіне бай­ла­ны­сты ғи­ма­рат­тар, үй-жай­лар және өзге объ­ек­ті­лер­ді жөн­деу; 14) мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің қыз­мет­кер­ле­рі­нің іс­са­пар­лық шы­ғы­ста­ры, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ше­гін­де; 15) мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің қыз­мет­кер­ле­рін ең­бек көр­сет­кіш­те­рі үшін кө­тер­ме­леу (112,125, 139,141,142, 143,147, 149, 151,152, 59,411,430). «Се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ді қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1999 жы­л­ғы 13 шіл­де­де­гі № 422 за­ңы­ның 25-ба­бы, «Тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2003 жы­л­ғы 8 ақ­пан­да­ғы № 385 за­ңы­ның 23-4-ба­бы, Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өсім­дік­те­рі­нің сорт­та­рын сы­нау са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті) өт­кі­зу жө­нін­де­гі ақы­лы қыз­мет түр­ле­рін көр­се­ту және олар­дың та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті) өт­кі­зу­ден түс­кен ақ­ша қа­ра­жа­тын жұм­сау ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2010 жы­л­ғы 28 ма­мыр­да­ғы № 492 қа­улы­сы РБ 10 1 212 013 000 38 Мем­ле­кет­тік сорт сы­нақ­тан өт­кі­зу са­ла­сын­да ақы­лы қыз­мет­тер көр­се­ту Сол Сол РБ 10 1 212 013 000 39 Ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рі­нің сорт­та­рын сы­нақ­тан өт­кі­зу са­ла­сын­да бас­па өнім­де­рі мен ақ­па­рат­тық бюл­ле­тен­дер­ді іс­ке асы­ру Сол Сол РБ 10 1 212 013 000 40 Ауыл ша­ру­а­шы­лық өсім­дік­те­рін өсі­ру­дің сорт­тық аг­ро­тех­ни­ка­сы бой­ын­ша кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет­тер көр­се­ту Сол Сол РБ 10 1 212 013 000 41 Жо­ға­ры және ор­та оқу орын­да­ры­ның оқу­шы­ла­ры мен сту­дент­те­рі үшін өн­ді­рі­стік және ди­плом ал­дын­да­ғы прак­ти­ка­ны өт­кі­зу Сол Сол РБ 10 1 212 013 000 42 Тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның ат­те­ста­ци­ядан өт­кен субъ­ек­ті­ле­ріне бі­ре­гей, эли­та­лы тұқым және кей­ін­нен өсі­рі­ле­тін тұқым сорт­та­ры­на зерт­ха­на­лық сы­нақ­тан өт­кі­зу бой­ын­ша ақы­лы қыз­мет­тер көр­се­ту Сол Сол
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.