О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 215 «Об утверждении Классификатора перечня товаров (работ, услуг) государственных учреждений, содержащихся за счет республиканского или местного бюджета, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении» Күшін жойған
Басқа 0
«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің көрсетілітін қызметтер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Қенесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер
РБ
04
5
107
002
100
А05
Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру
1) оқу-материалдық базаны нығайтуға;
2) ақылы қызмет пен жұмыстарды өткізуге қатысқан профессорлық-оқытушы құрамның, мамандар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
3) профессорлық-оқытушылық құрамның, мамандардың қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;
4) оқыту тренингтерін, семинарларын, конференцияларын және дөңгелек үстелдерін өткізуге;
5) ғылыми-зерттеулер және басқа да іс-шаралар өткізу үшін қызметке арналған шығыс материалдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
6) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау, соның ішінде ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын редакциялауға;
7) оқыту, зерттеулер және онымен байланысты іс-шаралар үшін үй-жайларды, жабдықтарды және техниканы жалдауға;
8) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кәдесыйлар, турнирлер, жарыстар аясында кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімдерін сатып алуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шеңберінде ғылыми конференцияларға, семинарларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысу бойынша зерттеу сипатындағы іссапарларға баруға;
10) аударма қызметтерін сатып алуға;
11) ақылы қызметтер көрсетуге байланысты қосымша шаруашылық шығыстарына;
12) қызметкерлерге қосымша ақы, сыйақы беруге, әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуге жұмсалады (111, 112, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 149, 151, 152, 154, 157, 159, 161, 162, 169, 414, 416, 419).
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабының 3-тармағы, «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы-аппарат басшысының 2024 жылғы 10 қазандағы № 1-9/43 өкімі.
РБ
04
5
107
002
100
А06
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру
Сол сияқты
Сол сияқты
РБ
04
5
107
002
100
А07
Түрлі іс-шаралар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, спорттық жарыстар өткізуді уйымдастыру
Сол сияқты
Сол сияқты
РБ
04
5
107
002
100
А08
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мен өткізу
Сол сияқты
Сол сияқты
РБ
04
5
107
002
100
А09
Ғылыми зерттеулер жүргізу
Сол сияқты
Сол сияқты
»;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы көрсететін қызметтер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы көрсететін қызметтер
РБ
04
6
502
018
000
057
Қосымша білім беру бағдарламаларын, оның ішінде шетелдіктер үшін әзірлеу, іске асыру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қабылдау емтиханына дайындау)
1) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;
2) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында шығыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар, сондай-ақ жабдықтар, техникалық оқыту құралдарын сатып алу;
4) докторанттардың ғылыми зерттеулерінің, диссертациялық зерттеулерінің жарияланымдарын дайындау және нәтижелерін жариялау;
5) ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, зерттеулерді орындау үшін қажетті ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналар;
6) ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу-әдістемелік құралдар (әдістемелік, практикалық ұсынымдар) әзірлеу, ведомстволық журналдардың макеттерін дайындау шеңберінде редактор, корректор, дизайнер, беттеуші (мемлекеттік және шет тілдеріне) қызметтеріне ақы төлеу;
7) зерттеу жүргізу үшін үй-жайларды, жабдықтарды, техниканы жалға алу;
8) зерттеу процесінде пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы күтіп- ұстау;
9) барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, ғылыми зерттеу жүргізуге қатысатын зерттеу тобы басшысының және мүшелерінің, ведомстволық журналдардың редакциялық алқалары мүшелерінің еңбегі үшін сыйақы;
10) ақылы негізде көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды іске асыру үшін тартылатын мамандарға еңбекақы, Академия қызметкерлеріне сыйақы төлеу;
11) ғылыми-білім беру іс-шараларын (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) өткізу, кофе-брейк ұйымдастырып, кәдесый, геральдикалық өнім, естелік сыйлықтарды қоса сатып алу;
12) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде банк қызметтеріне ақы төлеу;
13) оқу-материалдық базаны нығайту;
14) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру, оқыту тренингтерін, семинарларын өткізу;
15) Академияның оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарын, ведомстволық журналдарын басып шығару;
16) Академия қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
17) «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында белгіленген іс-сапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде іс-сапар шығыстары, оның ішінде халықаралық іс-сапар шығыстары;
18) бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындау;
19) ғылыми-білім беру іс-шараларына, жарыстарға, олимпиадаларға, оның ішінде халықаралық жарыстарға қатысушылардың тамақтануына арналған шығыстарды жабу;
20) көлік қызметтеріне ақы төлеу;
21) кітапхана қорларын толықтыру үшін электрондық коллекциялар мен дерекқорларды сатып алу;
22) ғылыми еңбектерді, құралдарды, ведомстволық журналдар макеттерін рецензиялау, түзету, редакторлық оқу бағыттары бойынша жұмсалады
(111, 112, 116, 121, 122,124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 153, 154, 157, 158, 159, 161, 162, 169, 414, 416, 419).
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағы, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17918 болып тіркелді).
РБ
04
6
502
018
000
058
Ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу
Сол сияқты
Сол сияқты
РБ
04
6
502
018
000
059
Оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу
Сол сияқты
Сол сияқты
РБ
04
6
502
018
000
А28
Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарынан тыс жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде ақылы негізде өзге азаматтық жоғары білім беру мекемелері докторанттарының пререквизиттер мен постреквизиттерді тапсыруы, диссертация қорғауы, сондай-ақ шетелдіктер үшін
Сол сияқты
Сол сияқты
РБ
04
6
502
018
000
А29
Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, курстардың, тренингтердің, дөңгелек үстелдердің және өзге де іс-шаралардың материалдарын өткізу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды (оның ішінде онлайн өткізуді) ұйымдастыру, өткізу немесе осындай шараларға дәрісші ретінде қатысу жатады
Сол сияқты
Сол сияқты
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.