О внесении изменений в решение акима аульного округа от 25 августа 2010 года N 49 "О присвоении имени "Бірлік" улице без названия расположенного в аульном округе Майлытогай" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге "Бірлік" атауын беру туралы" Ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 тамыздағы N 49 шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағын және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. "Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге "Бірлік" атауын беру туралы" Майлытоғай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 тамыздағы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 01 қазанында N 10-9-143 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 20 қазанындағы N 85/7815/ шығарылымында жарияланған) N 49 шешімінің преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын: ""Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:" 2. Аталған шешімнің 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." 3. Аталған шешімнің 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3
"3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Абдрахимоваға жүктеймін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.