О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 25 января 2010 года № 29 "О реализации решения Аркалыкского городского маслихата от 23 декабря 2009 года № 212 "О бюджете города Аркалыка на 2010-2012 годы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 29 "Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылдың 23 желтоқсандағы № 212 "Арқалық қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 29 "Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылдың 23 желтоқсандағы № 212 "Арқалық қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-3-125, 2010 жылдың 2 сәуірінде "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың екінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына арналған 6 (алты) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек. Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына арналған ай сайынғы әлеуметтік көмек арыз берген уақытынан басталып, арыз берушінің қайтыс болуына немесе оның Арқалық қаласынан басқа жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем төлеу аталған жағдайлар болғаннан кейін келесі күннен бастап тоқтатылады"; 1-тармақтың бесінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын: "Әлеуметтік көмек тиісті бюджетте қарастырылған қаражаттың шегінде оқудың құны мөлшерінде тағайындалып төленеді"; 1-тармақтың сегізінші абзацы: "Жерлеуге арналған әлеуметтік көмек отбасы мүшелеріне, немесе жұмыспен қамту мәселелері бойынша қаза болған сәтінде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелген жұмыссызды жерлеген тұлғаға тағайындалып, төленеді. Кәмелетке жасы толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалып, төленеді" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын: "1-1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін."; әкімдіктің осы қаулысының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ш. Шалдыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әкімдіктің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 382 қаулысына қосымша 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 29 әкімдіктің қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай құжаттар міндетті болып табылады: әлеуметтік көмекті беруге өтініш беруші тұлғаның еркін үлгіде жазылған өтініші; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; кәмелетке жасы толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін аталған мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі; азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
Тармақ 2
2. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай қосымша құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатынасушыларының, мүгедектерінің тұрмыстық мұқтаждығына: Ұлы Отан соғысының қатынасушының, мүгедектің куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аз қамтылған науқастарды қосымша тамақтандыруға: науқастың емделуде болғандығын растайтын тиісті медициналық мекеменің анықтамасы;
Тармақша 3
3) жыл сайын техникалық, кәсіби, ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет қаржысы есебінен оқып жатқан және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын жастарға берілетін әлеуметтік көмек: халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жатқызылатын мәртебесін растайтын құжат; оқу орнын растайтын құжат; оқу жылына және семестр бойынша оқуға төлемақысының мөлшерін растайтын құжат;
Тармақша 4
4) жұмыссыз азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге: өлімі туралы куәліктің немесе өлімі туралы анықтаманың көшірмесі, баланың туу туралы актілі жазбадан үзінді; ата-анасының біреуі және өзге де заңды өкілдері жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы уәкілетті органнан алынған анықтама, отбасының табысы туралы анықтама. Егер жерлеуді қаза болған адамның отбасы мүшелері атқарса, өтініш беруші өзінің туыстық қатыстығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады. Егер жерлеуді қаза болған адамның отбасы мүшелері атқармаса, өтініш беруші жол-жоралық жасайтын қызметтен жерлеуді атқарғандықты растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
Тармақ 3
3. Салыстырма тексеріс жүргізу үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылады. Салыстырма тексерістен кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі куәландырылып, іске тігіледі.