О внесении изменения в постановление акимата области от 25 марта 2010 года № 66 "Об установлении границ водоохранных зон и полос рек Урал и Кигач в пределах Атырауской области) Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-11 Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтар актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырда "Атырау" газетінің № 48 жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Су қорғау белдеуі - шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде отыз бес метр болатын аумақ болып табылады.
Атырау қаласы және оның селолық округтері, Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарының елді мекендері шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау белдеулері шекаралары "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы жобасы" мен "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобасына түзету мен толықтырулар жобасы" бекітілген жобалық құжаттамамен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.