О внесении дополнения в постановление акимата от 25 ноября 2011 года № 403 "Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2012 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 403 "Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5,  7–баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына 2011 жылғы 25 қарашадағы № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-7-148 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 4 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы  16 – тармағымен толықтырылсын: "16. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы ____________________ Р. Нұғманова