О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2011 года № 575 «Об утверждении Правил базового, грантового, программно-целевого финансирования научной и (или) научно-технической деятельности» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасында: 58-тармақ алып тасталсын; көрсетілген Қағидаға 5-қосымшаның 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы. Жобаға жартылай жүктемемен қатысатын зерттеу тобының мүшелері үшін олардың жоба бойынша жұмысқа жұмсайтын сағаттарының саны көрсетіледі;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.