О внесении изменений и дополнения в решение Айыртауского районного маслихата от 25 июля 2012 года № 5-6-3 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг" Күшін жойған
Басқа 0
Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" № 5-6-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Айыртау аудандық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-3-161 2012 жылғы 24 тамызда тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте «Айыртау таңы» № 36, «Айыртауские зори» № 36 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы»;
шешімнің мемлекеттік тіліндегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы»;
орыс тілінде «Правила оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» деген тақырыптан кейін «1. Общие положения» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінде 1-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы ______________ Е. Қазбеков
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы _____________ М.Рамазанова