О внесении изменения в решение Айыртауского районного маслихата от 25 июля 2012 года № 5-6-3 «О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-161 тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте «Айыртау таңы» газетінде, 2012 жылғы 6 қыркүйекте «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын «1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы _____________Е. Қазбеков 2015 жылғы 30 маусым «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________М. Рамазанова 2015 жылғы 30 маусым