О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 325 "Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 271 (27545) «Казахстанская правда» газетінде және 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 209 (28148) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 787-бабының 4), 5) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға күдікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында қолданады.»; 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды тұлғасының Кодекстің 788-бабында көзделген тәртіпте жасаған әкімшілік ұстау хаттамасы адамдарды арнайы үй-жайларға анықтау үшін негіз болып табылады. 6. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі Кодекстің 789-бабына сәйкес белгіленеді.»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнiшi бойынша өзінің қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгі, сондай-ақ қорғаушысы дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi. 9. Ұсталған адамдар Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіпте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беруі мүмкін.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.