О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 325 «Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйекте «Казахстанская правда» № 271 (27545), «Егемен Қазақстан» № 209 (28148) республикалық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнішi бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңмасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықты бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.