О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 25 ноября 2013 года №18/116 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных схода местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории села Бейнеу» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 «Бейнеу ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Бейнеу ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешіммен бекітілген қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы
Бейнеу аудандық мәслиханың 2022 жылғы 14 ақпандағы №16/156 шешіміне қосымша Бейнеу аудандық мәслиханың 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 шешімімен бекітілген Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39 - 3 бабының 6 – тармағына сәйкес әзірленді және Бейнеу ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін – өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Бейнеу ауылының аумағындағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Бейнеу ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Бейнеу ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Бейнеу ауылының әкімі ұйымдастырады. Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Бейнеу ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Бейнеу ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Бейнеу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Бейнеу ауылы әкімінің аппаратына беріледі.