О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 1017 «Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде: 1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) газ толтыру станциялары: резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ; резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жалпы ауданы үш жарым мың шаршы метр және одан көп, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен үш километрден астам қашықтықта орналасқан өрт қаупі, жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар бар өнеркәсіптік өндірістің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар – жолға шығатын техникасы бар.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.