О внесении дополнений в постановление акимата Актогайского района от 25 августа 2014 года № 17/01 «Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского района" Күшін жойған
Басқа 0
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01
"Ақтоғай ауданы әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы» қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте «Тоқырауын тынысы» газетінің № 40(7460) санында жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 15 тармағы 8-1), 8-2), тармақшаларымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«8-1) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;»;
«8-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.