О внесении изменений в решение маслихата от 25 июня 2014 года № 183 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 183 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 183 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда «Сарыкөл» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс
тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Бөлек жиынды ашудың алдында Тағыл ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сарыкөл ауданының
Тағыл ауылдық
округінің әкімі
___________ С. Сүндеталин
«21» маусым 2018 жыл