О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории города Кульсары» от 25 сентября 2014 года № 23-7 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» Жылыой ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» Жылыой ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3017 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) шешімнің тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын: «Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы»;
Тармақша 2
2) көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей редакцияда жазылсын: «Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
Жылыой ауданы мәслихатының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16-8 шешіміне қосымша Жылыой ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 шешіміне қосымша Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Құлсары қаласы аумағы шағын аудандарға бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Құлсары қаласы әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы, Құлсары қала әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Құлсары қаласы әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын аудандардан қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы шағын ауданда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Құлсары қаласы әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Құлсары қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне беріледі.
Тармақ 13
13. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі келесідей болып белгіленсін: Құлсары қаласы р/с Шағын аудандар Тұрғындар саны Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысатын адамдар саны Кәмелетке толмағандар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған және сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар саны Өкілдер саны 1 «Барлаушы» шағын ауданы (№93, №94, №95, №96, №97, №98, №99, №100, Ы.Мұхамбетов көшелері); 743 427 316 1 2 «Самал» шағын ауданы (№75, №76, №77, №78, №282, №336, №337, Д.Алдахов, Б.Нысанбаев, С.Шарипов, Б.Қызылбасов, Қ.Кенжеғалиев көшелері, және Махамбет даңғылының бойындағы үйлер); 1438 826 612 1 3 «Мұрагер» шағын ауданы (№311, №312, №313, №314, №315, №316, Ш.Оразалиев көшелері); 593 339 254 1 4 «Мерей» шағын ауданы (Б.Атағожиев, А.Мұханбаев, Т.Мәмбетов, Т.Дешенов, К.Көзеев, №87, №88, №89, №90, №91, №92 көшелері); 985 566 419 1 5 «Шұғыла» шағын ауданы (№129, №130, №131, №132, №133, №134, №135, №136, №137, №138, №139, №140, №141, №142, №143, №144, №145, №146, №147, №148, №149, №150, №275, №280, №281, №302, №303, №307, №308, №310, Д.Әжіғалиев көшелері); 2244 1397 847 2 6 «Мұнайшылар» шағын ауданы (Т.Құлтумиев, Қ.Есалиева, М.Сатыбалдиев, Қ.Байшаханов, Ә.Карабалин, А.Кемелов, Д.Жазықбаев, М.Далбаев, М.Боранбаева, А.Беклиев, Ұ.Абдрахманов, Е.Халықов, №151, №152 көшелері және Махамбет даңғылының бойындағы үйлер); 2248 1398 850 2 7 «Мереке» шағын ауданы (№101, №102, №103, №104, №120, №121, №122, №123, №124, №125, №126, №127, №128, №271, №272, №273, №274, К.Қашаған, Т.Бекбаулиев, Х.Ғабдуллин, З.Есенов, К.Төлесінов, Т.Даулетов, А.Сұлтанов, №100 көшелері); 3561 2040 1521 3 8 «Думан» шағын ауданы (№181, №182, №183, №184, №185, №186, №187, №188, №189, №190, №191, №192, №193, №194, №195, №196, №197, №198, №299, №301, №374, О.Ыбраев, А.Бисенбаев, Б.Шөкеев, М.Алиев, М.Мұхтаров, А.Бегебаев, С.Самарханов, Р.Қараманов, Б.Ербосынов, Б.Бисенқұлов, А.Дүйсенбеков, И.Тайманов көшелері); 4521 2648 1873 3 9 «Бірлік» шағын ауданы (Ж.Ізтұрғанов, №153, №154, №155, №156, №157, №158, №159, №160, №161, №162, №163, №164, №165, №166, №167, №168, №169, №170, №171, №172, №173, М.Нұрманов, Д.Артығалиев, К.Барахатов, Б.Бойжанов, Төле би, А.Завершинский көшелері, Махамбет даңғылы бойындағы үйлері); 4220 2454 1766 3 10 «Атамұра» шағын ауданы (№236, №237, №238, №239, №240, №241, №242, №243, №244, №245, №246, А.Қорғанбаев, А.Тайпанов, С.Карабалин, К.Иманғалиев, Ө.Ақтоғайұлы, А.Аманбаев, Б.Өтеулиев көшелеріндегі үйлер; Нарынбай батыр көшелері); 2600 1429 1171 2 11 «Теміржол» шағын ауданы (№259, №309, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов көшелері); 1403 790 613 1 12 «СМП-615» шағын ауданы (№250, №251, №252, 253, №254, №255, №256, №257, №258, №283,№284, №285, №286, №287, №288, №289, №290, №291, №292, №293, №294, №295, №296, №297, №298, №305, 306, Нарынбай батыр көшесінің шығыс жағындағы үйлер); 1651 928 723 1 13 «Автожолшылар» шағын ауданы (№200, №339, №340, №341, №342, №343, №344, №345, №346, №347, №348, №349, №350, №351, Н.Оңдасынов, Қ.Аманжолов, А.Қауқаев, Ғ.Қожағұлов, Е.Тауманов, Б.Шолақ, А.Секербаев, С.Датов көшелері); 3323 1886 1437 2 14 1 шағын ауданы (Ж.Таңқыбаев, №217, №218 көшелері); 4813 2808 2005 3 15 3 шағын ауданы (№219, №220, №221, №222, Қ.Сатанғұлов, Ш.Ізбасов көшесінің 3 шағын ауданы жағындағы үйлері); 4488 2619 1869 3 16 «Кең Жылыой» шағын ауданы (Ғ.Сарқытов, І.Жансүгіров, Қ.Сағырбайұлы, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев, №79, №80, №81, №82, №83, №84, №85, №86 көшелері және Махамбет даңғылы бойындағы үйлер); 1591 915 676 1 17 «Жадырасын» шағын ауданы (№38, №39, №40, №41, №42, №43, №44, №45, №46, №47, №48, №49, С.Мұханов, М.Дулатов, Қ.Қуатбаев, Т.Қазанғапұлы, С.Торайғыров, Ғ.Құрманғалиев, Ш.Уалиханов, Б.Момышұлы, К.Закарияұлы көшелері); 1966 1096 870 2 18 «Достық» шағын ауданы (№105, №106, №107, №108, №109, №110, №111, №112, №113, №114, №115, №116, №117, №118, №119, №121, №174, №175, №176, №177, №178, №179, №180 №338, Е.Омаров, Н.Арқабаев, Д.Тәттібаев көшелері); 2653 1524 1129 2 19 «Мирас» шағын ауданы (А.Жангелдин, Д.Нұрпейсова, М.Жұмабаев, М.Маметова, А.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ө.Алдахов көшелері); 968 551 417 1 20 «Автожолшылар» шағын ауданы (№199, №201, №202, №203, №204, №205, №206, №207, №208, №209, №210, №211, №351, №352, №353, №354, №355, №356, №357, №358, №359, №360 №361, №362, №363, №364, №365, №366, №367, №368, №369, №212, №213 №214, №215, №216, С.Дүйсенбеков көшелері); 3541 2019 1522 3 21 «Береке» ықшам ауданы (№277, №278, №375, №376, №377, №378, №379, №380, №381, №382, №383, №384 көшелері); 483 274 209 1 22 «СМП-224» шағын ауданы (№266, №267, №268, №269, Р.Балмұханов, М.Таңқыбаев көшелері); 1582 891 691 1 23 «Атамұра» шағын ауданы (№260, №261, №262, №263, №264, №265, №279, №304, №247, №248, №249 көшелері, Нарынбай батыр көшесінің батыс жағындағы үйлер); 934 529 405 1 24 2 шағын ауданы (№232, №233, №234, №235, М.Кенғанов көшелері, Ш.Ізбасов көшесінің 2 шағын ауданы жағындағы үйлер); 2178 1167 1011 2 25 4 «а» шағын ауданы (Төремұрат батыр, №227, №228, №229, №230, №231, №300, №317, №318, №319, №373 көшелері, Ш.Ізбасов көшесінің 4 шағын ауданы жағындағы үйлер, 1951 1129 822 1 26 5 шағын ауданы (№223, №224, №225, №226, №270, Қ.Сыдықов, Ұ.Махамбетов, І.Сариев көшелері); 2318 1352 966 1 27 «Аэропорт» шағын ауданы (№50, №51, №52, №53, №54, №55, №56, №57, №58, №59, №60, №61, №62, №63, №64, №65, №66, №67, №68, №69, №70, №71, №72, №73, №74, №276, №320, №321, №322, №323, №324, №325, №326, №327, №328, №329, №330, №331, №332, №333, №334, №335, №370, №371, №372, Ж.Надиров, Қ.Мұңайтпасов, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Д.Қонаев, С.Иманғалиев, Н.Аязбаев, О.Мекебаев көшелері). 4220 2463 1757 3