О внесении изменений в решение Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года № 26/223 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шет аудандық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Шет аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында: 10 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар: 1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе; 2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса; 3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) айлық орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерден аспайтын жағдайда ұсынылады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер.»; 11 – тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: «11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері: осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды; осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.