О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 25 сентября 2014 года № 5С-34/2 «Об определении порядка и размера на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бурабай аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңдарына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4398 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазанда аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын: «Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы»;
Тармақша 2
2) 1 тармақтың 1 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібі анықталсын:».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Бурабай ауданының әкімі ________________ Т. Ташмағамбетов 9 желтоқсан 2016 жыл