О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2014 года № 587 «Об утверждении форм налоговой отчетности и правил их составления» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10156 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан); 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан); 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан); 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны және (101.02-нысан); 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) және декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) жасау қағидалары (101.01 – 101.02-нысандар); 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.03-нысан); 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан); 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан); 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.04-нысан); 10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (110.00-нысан); 11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110.00-нысан); 12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (130.00-нысан); 13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130.00-нысан); 14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (150.00-нысан); 15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150.00-нысан); 16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00-нысан); 17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200.00-нысан); 18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (210.00-нысан); 19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210.00-нысан); 20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (220.00-нысан); 21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220.00-нысан); 22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияның нысаны (230.00-нысан); 23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (230.00-нысан); 24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (240.00-нысан); 25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240.00-нысан); 26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияның нысаны (300.00-нысан); 27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300.00-нысан); 28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысаны (320.00-нысан); 29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (320.00-нысан); 30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысаны (328.00-нысан); 31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидалары (328.00-нысан); 32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес акциз бойынша декларацияның нысаны (400.00-нысан); 33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес акциз бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидалары (400.00-нысан); 34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны (421.00-нысан); 35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (421.00-нысаны); 36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларацияның нысаны (500.00-нысан); 37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидалары (500.00-нысан); 38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияның нысаны (510.00-нысан); 39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (510.00-нысан); 40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің нысаны (531.00-нысан); 41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары (531.00-нысан); 42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес үстеме пайда салығы бойынша декларацияның нысаны (540.00-нысан); 43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540.00-нысан); 44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларацияның нысаны (560.00-нысан); 45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (560.00-нысан); 46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес экспортқа рента салығы бойынша декларацияның нысаны (570.00-нысан); 47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (570.00-нысан); 48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларацияның нысаны (590.00-нысан); 49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (590.00-нысан); 50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары бойынша декларацияның нысаны (641.00-нысан); 51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (641.00-нысан); 52) осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларацияның нысаны (700.00-нысан); 53) осы бұйрыққа 53-қосымшаға сәйкес көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары (700.00-нысан); 54) осы бұйрыққа 54-қосымшаға сәйкес көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің нысаны (701.00-нысан); 55) осы бұйрыққа 55-қосымшаға сәйкес көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (701.00-нысан); 56) осы бұйрыққа 56-қосымшаға сәйкес жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің нысаны (701.01-нысан); 57) осы бұйрыққа 57-қосымшаға сәйкес жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (701.01-нысан); 58) осы бұйрыққа 58-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларацияның нысаны (710.00-нысан); 59) осы бұйрыққа 59-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (710.00-нысан); 60) осы бұйрыққа 60-қосымшаға сәйкес аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларацияның нысаны (810.00-нысан); 61) осы бұйрыққа 61-қосымшаға сәйкес аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810.00-нысан); 62) осы бұйрыққа 62-қосымшаға сәйкес жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы есебінің нысаны (851.00-нысан); 63) осы бұйрыққа 63-қосымшаға сәйкес жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасының салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (851.00-нысаны); 64) осы бұйрыққа 64-қосымшаға сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (860.00-нысан); 65) осы бұйрыққа 65-қосымшаға сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860.00-нысан); 66) осы бұйрыққа 66-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (870.00-нысан); 67) осы бұйрыққа 67-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870.00-нысан); 68) осы бұйрыққа 68-қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның нысаны (910.00-нысан); 69) осы бұйрыққа 69-қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан); 70) осы бұйрыққа 70-қосымшаға сәйкес патент құны есебінің нысаны (911.00-нысан); 71) осы бұйрыққа 71-қосымшаға сәйкес патент құнының салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (911.00-нысан); 72) осы бұйрыққа 72-қосымшаға сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияның нысаны (920.00-нысан); 73) осы бұйрыққа 73-қосымшаға сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (920.00-нысан); 74) осы бұйрыққа 74-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан); 75) осы бұйрыққа 75-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150.00-нысан); 76) осы бұйрыққа 76-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00-нысан); 77) осы бұйрыққа 77-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200.00-нысан); 78) осы бұйрыққа 78-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (220.00-нысан); 79) осы бұйрыққа 79-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220.00-нысан); 80) осы бұйрыққа 80-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (230.00-нысан); 81) осы бұйрыққа 81-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300.00-нысан); 82) осы бұйрыққа 82-қосымшаға сәйкес акциз бойынша декларацияның нысаны (400.00-нысан); 83) осы бұйрыққа 83-қосымшаға сәйкес акциз бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (400.00-нысан); 84) осы бұйрыққа 84-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны (421.00-нысан); 85) осы бұйрыққа 85-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларацияның нысаны (590.00-нысан); 86) осы бұйрыққа 86-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (590.00-нысан); 87) осы бұйрыққа 87-қосымшаға сәйкес көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларацияның нысаны (700.00-нысан); 88) осы бұйрыққа 88-қосымшаға сәйкес көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары (700.00-нысан); 89) осы бұйрыққа 89-қосымшаға сәйкес көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің нысаны (701.00-нысан); 90) осы бұйрыққа 90-қосымшаға сәйкес жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің нысаны (701.01-нысан); 91) осы бұйрыққа 91-қосымшаға сәйкес жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (701.01-нысан); 92) осы бұйрыққа 92-қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін салық есептілігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан); 93) осы бұйрыққа 93-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияның нысаны (300.00-нысан); 94) осы бұйрыққа 94-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300.00-нысан); 95) осы бұйрыққа 95-қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысаны (320.00-нысан); 96) осы бұйрыққа 96-қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (320.00-нысан); 97) осы бұйрыққа 97-қосымшаға сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (920.00-нысан); 98) осы бұйрыққа 98-қосымшаға сәйкес жалға беру (пайдалану) шарттары тізілімінің нысаны (871.00-нысан); 99)осы бұйрыққа 99-қосымшаға сәйкес жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жасау қағидалары (871.00-нысан) бекітілсін.»; осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 98 және 99 – қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыруүшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 432 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 98-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 432 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 99-қосымша Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жасау қағидалары (871.00-нысан)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жасау қағидалары (871.00-нысан) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер тапсыратын жалға беру (пайдалану) шарттары тізілімінің (бұдан әрі - тізілім) салық есептілігінің нысанын жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тізілім тізілімнің өзінен (871.00-нысан) және Салық кодексінің 63-бабы 2-тармағына сәйкес есепті кезең үшін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған оған қосымшадан (871.01-нысан) тұрады.
Тармақ 3
3. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Сомалардың теріс мәндері тізілімнің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
Тармақ 5
5. Көрсеткіштер болмаған кезде тізілімнің тиісті төркөздері толтырылмайды.
Тармақ 6
6. Тізілімге қосымша тізілімдегі тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде жасалады.
Тармақ 7
7. Тізілімге қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда тізілімге қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
Тармақ 8
8. Тізілімді жасау кезінде:
Тармақша 1
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
Тармақша 2
2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
Тармақ 9
9. Тізілімге Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
Тармақ 10
10. Тізілімді табыс ету кезінде:
Тармақша 1
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште - екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
Тармақша 2
2) қағаз жеткізгіште хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
Тармақша 3
3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны не қабылдамағаны туралы хабарламасын алады.
Тармақ 11
11. Тізілімге «Салық төлеуші туралы және сауда объектісінің, оның ішінде сауда базары туралы жалпы ақпарат» қосымшаның бөлімінде «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Тізілімді жасау (871.00-нысан)
2-тарау. Тізілімді жасау (871.00-нысан)
Тармақ 12
12. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:
Тармақша 1
1) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ЖСН (БСН);
Тармақша 2
2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
Тармақша 3
3) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы.
Тармақша 4
4) Тізілімнің түрі. Тиісті торкөздер Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түрлеріне тізілімнің жатқызылуы ескеріле отырып белгіленеді;
Тармақша 5
5) хабарламаның нөмірі мен күні. А және В торкөздері Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша тізілімді тапсырған жағдайда толтырылады;
Тармақша 6
6) валюта коды. «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
Тармақша 7
7) табыс етілген қосымшалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары туралы мәліметтер» бөлімінде:
Тармақша 1
1) 871.00.001 жолында сауда объектілерінің саны көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 871.00.002 жолында сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға алушылардың жалпы саны көрсетіледі. А, В және С жолында «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (келесіде –Заң) сәйкес сауда қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жалға алушы-жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақша 3
3) 871.00.003 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша L жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 871.00.004 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша М жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын нақты төленген жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 871.00.005 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша N жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын жалға беру (пайдалану) шартына сәйкеc төленуге жататын өтелетін шығыстардың сомасы көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 871.00.006 жолында барлығы 871.01 нысаны бойынша О жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын нақты төленген өтелетін шығыстар сомасы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:
Тармақша 1
1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә. (ол болған кезде)» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер тізілімді дара кәсіпкер табыс еткен жағдайда, жолда салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, онда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.
Тармақша 2
2) мемлекеттік кірістер органына тізілімді тапсырған күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
Тармақша 4
4) «Тізілімді қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.(ол болған кезде)» жолында тізілімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
Тармақша 5
5) Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес лауазымды адаммен Тізілімді қабылданған күні көрсетіледі;
Тармақша 6
6) мемлекеттік кірістер органы беретін құжаттың кіріс нөмірі;
Тармақша 7
7) пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Тарау 3. 3-тарау. 871.01-нысанын жасау
3-тарау. 871.01-нысанын жасау
Тармақ 15
15. 871.01- нысаны Салық кодексінің 63-бабы 2-тармағына сәйкес сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың есепті кезең үшін жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді көрсетуге арналған. Егер дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада бірнеше сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары болса, 871.01- нысаны бойынша қосымша әрбір сауда объекті, оның ішінде сауда базары бойынша жеке толтырылады.
Тармақ 16
16. «Салық төлеуші туралы және сауда объектісі, оның ішінде сауда базары туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:
Тармақша 1
1) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ЖСН(БСН);
Тармақша 2
2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
Тармақша 3
3) сауда желісінің атауы. Егер сауда объектісі немесе сауда базары сауда желісіне кірген жағдайда толтырылады;
Тармақша 4
4) сауда объектісінің атауы;
Тармақша 5
5) сауда объектісінің санаты. Заңның 1 бабы 16-1 және 16-2 тармақшаларына сәйкес сәйкесінше торкөздер көрсетіледі;
Тармақша 6
6) жалпы алаңы, шаршы метрде;
Тармақша 7
7) сауда алаңы, шаршы метрде;
Тармақша 8
8) жалға беруге арналған сауда орындарының саны;
Тармақша 9
9) сауда объектісінің орналасқан жерінің мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. «Жалға алушылар бойынша мәліметтер» бөлімінде:
Тармақша 1
1) А бағанында кезекті реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) алатын жалға алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) С бағанында жалға алушылардың мынадай мәртебелерінің бірі көрсетіледі: 1-саны, егер жалға алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болса; 2-саны, егер жалға алушы жеке кәсіпкер болса; 3-саны, егер жалға алушы заңды тұлға болса.
Тармақша 4
4) D бағанында жалға алушының ЖСН(БСН) көрсетіледі;
Тармақша 5
5) Е бағанында жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 6
6) F бағанында жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні көрсетіледі;
Тармақша 7
7) G бағанында жалға беру (пайдалану) шартының нөмірі (ол болған кезде) көрсетіледі;
Тармақша 8
8) H бағанында жалға беру (пайдалану) шартының жасалған күні көрсетіледі;
Тармақша 9
9) І бағанында сауда орнының, сауда объектісінің мақсаты (мысалы: мейрамхана, кафе, аспаздық, өнеркәсіп тауарлар және басқалары) көрсетіледі;
Тармақша 10
10) J бағанында сауда объектісіндегі сауда орнының орналасқан жері (мысалы: сауда объектісінің немесе орынның қатары, секторы және нөмірі) көрсетіледі;
Тармақша 11
11) К бағанында сауда объектісінің немесе орнының жалға берудің (пайдалану) нақты кезеңі көрсетіледі;
Тармақша 12
12) L бағанында жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;
Тармақша 13
13) М бағанында нақты төленген жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;
Тармақша 14
14) N бағанында жалға беру (пайдалану) шартына сәйкеc төленуге жататын өтелетін шығыстар сомасы көрсетіледі;
Тармақша 15
15) О бағанында нақты төленген өтелетін шығыстар сомасы көрсетіледі; 0001 жолдың L, М, N және О бағандарында жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасының,жалға беру төлемінің нақты төленген сомасының, жалға беру (пайдалану) шартына сәйкеc төленуге жататын өтелетін шығыстар сомасының және нақты төленген өтелетін шығыстар сомасының қорытынды мәні көрсетіледі. L бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.003 жолына көшіріледі. М бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.004 жолына көшіріледі. N бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.005 жолына көшіріледі. О бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.006 жолына көшіріледі.