О внесении изменения в решение районного маслихата от 25 сентября 2014 года №23-7 «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории города Кульсары» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 «Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №23-7 «Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3017 болып тіркелген, «Кең Жылой» газетінде 2014 жылғы 23 қазанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
10 тармақта:
«қала әкімі аппаратына» деген сөздер ««Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, гендерлік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.Жамалов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.