О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1242 «Об определении удостоверяющего центра» Күшін жойған
Басқа 0
«Куәландырушы орталықты айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 457 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Куәландырушы орталықты айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12791 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпсіздік сертификаттарын электрондық түрде беретін куәландырушы орталығы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәуіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
__________________К. Мәсімов
2017 жылғы 6 желтоқсан