О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 134 «Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий» Күшін жойған
Басқа 0
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
«____»_____________2017 жыл
Басқа 9. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың
таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 қантардағы
№ 14 бұйрығына
қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 134 бұйрығымен
бекітілген
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың
таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза кіріс
3 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. 2002 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсандағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2016-2018 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерде белгіленсін.