О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 134 «Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.»; аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі»; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2017-2019 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі 12 пайыз мөлшерінде белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _________ Ж. Қасымбек 2017 жылғы 18 желтоқсан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________Б. Сұлтанов 2017 жылғы 20 желтоқсан