О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 134 «Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативінде: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2019-2021 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2017-2019 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 12 пайыз мөлшерінде белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі