О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 134 «Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі»; 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1 пайыз мөлшерінде белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі