О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 «Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары:
мынадай мазмұндағы 18-2-тармақпен толықтырылсын:
«18-2. COVID-19 коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасына ұсынған тауарларды тасымалдау жөніндегі көлік ұйымдарының шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ресми ізгілік көмекті қабылдауы туралы шешім қабылдаған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.