О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 «Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) көзделмеген шығындар – көзделмегендігіне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында дереу, оның ішінде мемлекет кепілдік берген қарыздарды уақтылы өтемеу және оларға уақтылы қызмет көрсетпеу Қазақстан Республикасы үшін беделдік және қаржылық салдарға әкеп соғатын тәуекелдер бойынша не инженерлік инфрақұрылым құрылысының қымбаттау және (немесе) тоқтап қалу тәуекелдері болған кезде қаржыландыруды талап ететін шығындар;»;
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.