О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 «Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары мынадай мазмұндағы 24-3-тармақпен толықтырылсын:
«24-3. Жаңа облыстар мен жаңадан құрылған облыстардың аудандары құрылған, сондай-ақ қазіргі облыстың әкімшілік орталығы ауыстырылған кезде тиісті орталық мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай:
автомобильдер сатып алу;
көшірілген мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін коммуналдық меншікке тұрғын үй сатып алу;
жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін тұрғын үйді жалға алу;
жергілікті атқарушы, орталық, өкілді органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарды орналастыру үшін ғимараттарды ағымдағы және күрделі жөндеу;
орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, жергілікті өкілді, атқарушы органдарды және ведомстволық бағынысты ұйымдарды орналастыру үшін ғимараттар сатып алу;
жаңадан құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және тұрақтандыру қорларының жарғылық капиталын қалыптастыру;
әлеуметтік салада және денсаулық сақтау саласында жаңадан құрылған облыстық мекемелерді ұстау жағдайларына арналған негіздемелермен және есеп-қисаптармен бірге Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Әрбір мақсат (шығыстар) бойынша есеп-қисаптар мен негіздемелер шығыстардың лимиттеріне, заттай нормаларға және тиесілік нормативтерiне сәйкес қаралады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.