О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3794 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 10 сәуірде «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 -бабы 1 - тармағының 15) - тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; осы шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау Ережесінде: 5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат немесе оның сенімхат бойынша өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына арызбен жүгінеді және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.