О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларында:
3-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
4 - тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
5 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес, тоқсанына бір рет құжаттармен қоса өтініш береді.
Көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы қағидалардың 5-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.