О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданған аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) шығындары жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысы үшін шығындар сомасы ретінде анықталады. Шығындар сомасы коммуналдық төлемдерді төлеу үшін жеткізушілер ұсынған есепшоттар бойынша тұрғын үй көмегіне жүгінудің тоқсанындағы алдыңғы тоқсандағы орташа есеппен ескеріледі.»;
15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«15. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді.»;
16-тармақтың 1 абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шарттар ескеріледі:»;
22-тармақтың 8 абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыс нормасы Глубокое аудандық мәслихаты бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшеріне тең;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.